Quantcast
Channel: Шығармалар - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 154 articles
Browse latest View live

1 наурыз – Алғыс айту күні: Мың алғыс саған - Анашым!

$
0
0

 

Мың алғыс саған - Анашым!



... Есейіп кетсемде, мен саған сәбимін.
Көгілдір көктемдей көзіңнен танимын.
«Ана туралы жыр» әнінен.
АНА... Осы үш қана әріптен құралған ұлы сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық пәк сезім, барлық бақыт пен махаббат, тіпті бүкіл жаһан сыйып кеткендей...
Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана – мәңгілік тақырып. Аналарға қанша жылы сөздер мен дүниенің барлық асылын алдарына әкеп үйіп қойсаң да, осы жандардың ақ сүтін өтей алмайсың.
 

Жер бетіндегі аналардың тілеуі бір. Ол – мейірімділік, адалдық, бейбітшілік, адамгершілік. Ұрпағының аман-саулығы.
Менің де аяулы екі анам бар. Олар: асыл әжем мен аяулы анам. Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты сезінбей өсіп келемін. Менен басқа отбасымда тағы да інілерім бар. Әкем мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз болсам, келіп жып жылы алақанымен маңдайымды сипап, бетімнен өпкені, ауыра қалсам, қасымнан кетпей қинала қарайтын жанары – бәрі маған ерекше күш беріп, сәуле шашқан күн сияқты.
Менің аяулы әжем – Қожанова Мәрита. Ол анамның анасы. Он баланы туып, бағып-қағып, мәпелеп өсірген қадірлі ана.
Отбасының ұйытқысы болып, балалары еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген білімді де мейірімді жандар.
Осы ақ жаулықты әжемізді біз, немерелері құрмет тұтамыз, сыйлаймыз. Ол кісіден үлгі аламыз. Аяулы әжеміз әрқашан қасымызда болса деп тілейміз.
Кейде анам бір-екі күнге қыдырып кетсе, үй іші де жылусыз қалған сияқты болады. Анам есікті ашып кіріп келгенде, күннің нұры құйылып кеткендей, бәріміз көктемгі жапырақтай жадырап сала береміз.
Осы аяулы жандарды кейде ренжітіп алғанымызды да байқай бермейміз-ау. Орынсыз талаптар қойып, еркелігімізді асырып та жібереміз. Дауыс көтеріп жататындарымыз да болады. Бірақ, осы қылықтарымызға анамыздың іштей налып, қиналатынын қайсібіріміз ойламаймыз да ғой. Қателігімізді түсініп, бір ауыз жылы сөз айтып, кешірім де сұрамаймыз. Иә, «алтынның қолда барда қадірі жоқ» екенін біреуіміз түсінсек, енді біріміз түсінбейміз.
Бала үшін ананың орны бөлек. Ана – бұлақ, біздің өміріміз анамызбен көрікті.
Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қаншама сөз маржанын терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сенімен ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы – бір өзіңсің! Қасымда болмасың, өмірімнің сәні де, мәні де болмас. Сен – ақылшым, сен – тірегім, сен – кәусар бұлағым.
Әрқашан қасымда болшы, Анашым. Дүниеде сендей асыл жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін, маған деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс саған, Анашым!

Гауһар БЕРДІХАН,
9 сынып оқушысы, Перекетное орта мектебі


1 наурыз – Алғыс айту күні: Ана саған мың алғыс!

$
0
0

Ана саған мың алғыс!


«Ана» деген үш әріптен тұратын сөзде өмірдің қаншама асыл қазынасы жатқанын бірі білсе, бірі білмейді.Өмірге ақылдыны,ғалымды, дананы да әкелетін жалғыз ана.Ананың мейірімдей мейірім, ананың жүрегіндей жүрек жоқ.Жақсыны асырып, жаманды жасыра білетін де –Ана. Өз баласын 9 ай 9 күн құрсағында көтерген адам, өз баласына еш уақытта жамандық ойлайды деп мен өз басым ойлай алмаймын. Бала құрсағына біткен күннен бастап оған өз бойында бар барлық жақсы қаситтерді дарыта береді. Өзі аш-жалаңаш болса дабалам киіп, балам жесін дейтін де-Ана.

«Әке-асқар тау,

Ана –қайнар бұлақ» деген мақал ұлы «Ана» деген сөздің, мән-мағынасын ашып тұрған жоқ па?!Анаң болса асың да алдыңда, махаббат, мейірім, шапағат бесігі де сенде, ал анасы жоқ балаға қанша қаржылай көмек жасап, жақсы көрсе де, дәл анасындай болмайды.

«Анасы бар адам ерке жетім,

Анасы жоқ адам нағыз жетім» деген сөз бар. Сонда әке орнынан, ана орны ерекше екенін осы сөзбен- ақ дәлелдеп тұрғандаймыз.

Ал, «Әке жақсы жездедей» деген сөздің мәнісі егер анаң өмірден өтіп, әкең қалса әке еш уақытта анадай жылуын балаға бере алмасына ешкім күмәнданбайды.Бала гүл сияқты , гүл су құйсаң өседі емес пе, бала да жастайынан жылулық сезім , қамқорлық көрсе, өскенде сондай болады, өйткені ол ана берген сыйды басқаға тарту етеді.

Мен өзім анамды жанымдай жақсы көремін, бір күн үйде болмаса, үй іші жұтап, бір нәрсе жетпей тұрғандай болады.Осы күйімді ой елегімнен өткіземін де, анасыз, әкесіз өмір сүріп жатқан жетімдер үйіндегі балаларды аяймын.Олар өз аналарын өмір бойына көрмей қалай өмір сүре алады екен деген ой да мазалайды.Өмір оларға өмір сызығын солай сызып тұрса, оған не шара, сонда да олар анадан ала алмаған жылуын кімнен алу керек деген сұрақ туады?

Жетімдер үйінде санаулы адам жұмыс істейді, барлық балаға олардың жүрек жылуы жетпейтінін, жеткен күнде де өз анасы сияқты сүйе алмайтыны айдай анық.Шіркін-ай, сондай тастанды балалардың аналары өліп қалса ол бір жағдай, ал енді тірідей жетім қылып, тастап жатқан аналар бір мезгіл ойланса ғой.Кейбір арақ ішіп, жаман жолға түскенде баласын неге ойламайды екен, сонда арақты баладан жоғары қойғаны ма, неге өздерін бала орнына қойып, егер оларды солай тастап кетсе не болар еді деп ойланбайды ма екен?Онда неге ол баланы өмірге әкеледі, бала осылай қиналсын деп пе?Онда ол Ана ешқашан көкек құсы сияқты баласын өмір тәлкегіне салмайды.Егер менің қолымнан келсе, оның бірін де көрсетпес едім балаға, баланың әр бір көз жасына ол жауапты, өйткені оның есімі-Ана.

Нағыз ана жайлы мен әдебиет сабағынан әңгімелерден оқыдым.

Ғабит Мүсіреповтың «Анананың анасы», «Ашынған ана» еңбектері, менің жүрегімді жаулап алғандай болды.Мұғалімім түсіндіре отырып,жылап айту өнері арқылы мен нағыз ана солар екен деген ой түйдім. Өзім ер бала болсам да, сол сезім менің бойымда әлі сақталуда.

«Ананың анасы» еңбегіндегі ананың өз қызы үшін ер адамдар алдында «Мен осындай кезімде құлдыққа салынып, әркімнің босағасында жүрдім, қызым, соны көрмесе екен» деген сөзі мен қорықпай келген өжеттігінен бойында ер азаматтардың көбінде жоқ қасиетті байқап, таң қалдым.

«Ашынған ана» еңбегіндегі сатқын баласының басын Ақсақ Темір алдында шауып тастауы да ерлік.Өзінің құрсағын жарып шыққан баласы ел жұртын сатып тұрғанын көріп, басын кесуі ол да ерлік.Өзінің берген жақсы қасиеттерін көрсете алмағанын көрген ер адам да оныістемес еді, ал ана болса қолы барып, намысын жау алдында бермей, бәрі қорыққан Ақсақ Темірге де бас имейді.Керісінше оның осы қасиетіне тәнті болған Темір өзі бас иеді.Сонда ана сөзі мен ісі жауды да тізе бүктіргенін көрдік.Сонда ана тек мейірімімен махаббатты ғана емес, ақылы мен парасаттылығымен әлемде мықты болғаны ғой.

Теледидардан көп нәрсе көреміз. Соның бірі ойыма келгенде мана тастанды балалар жайлы айтқанда: «Ана өмірге баланы әкеліп, неге өмір тәлкегіне түсіреді?» деген болатынмын.Ал мына оқиғада сондай асыл анадан мынандай безбүйрек қалай туады деп ойладым. Оқиға желісінде бір әйелдің жалғыз ұлының сүйген қызы: «Мені сүйсең, анаңның жүрегін алып кел!» деп, бұйырғанда жігіт өз анасын өлтіріп, жүрегін алып бара жатып, сүрініп кетеді.Сонда қолындағы анасының жүрегі: «Айналайын, бір жерің ауырып қалды ма?» деп қиналады.Соны көргенде ұл болсам да жыладым да, жігіттің анасын аядым.Анандай баланың барынан жоғы дедім. Сонда туған анасы, анау қыздан кем болғаны ма?Ол қыздан болашақта қандай ана шығады, ол болашақ ұрпағына қандай тәрбие береді. Осы жайтқа мына оқиға туғанды сатпа деген сөзге дәлел сияқты. Қайықта жігіт, інісі және баласы жүзіп келе жатады.Қайық кісінің артық салмағына ауып кете береді.Үшеуінің біреуін түсіру керек болғанда, жігіт өз ұлын көлге тастап, інісін алып қалған екен. Сұрағанда: «Баланы маған басқа әйел де тауып береді, туған інімді ешкім тауып бере алмайды»- деген екен.Сондағы жігіт өз туғанынан безбегенде, анау жігіт өлімге ең асылы анасын қияды.

Өмірге жақсы да, жаман да келеді. Тек оны айыра білу әр адамның өз еркінде. Егер маған ерік берсе әр анаға өмірдің барлық гүлін, әр жетім балаға өмірдің ең асылы анасын қайтарып берер едім.Барлық әлемдегі Аналарды мерекелерімен құттықтай отырып, өмірлеріне гүл, көңілдеріне нұр, жанұяларына бақыт, тілей отырып:

Ана деген-ол өлмейтін махаббат,
Ана деген-ол сөнбейтін шамшырақ,
Ана деген –екі қайтып тумайтын,
Бар әлемге жұлдыздай боп жарқырар-дей отыра.
Ана саған мың алғыс!-дегім келеді.

 

8 - сынып, Мықтыбаев Біржан

Ата

$
0
0

Эссе

Ата дегенде ел бірлігі сөзі тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында әке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, әке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау – парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, әрине, ол – ата.

* * *

Есім атам ел ішінде беделді болды. Неге десеңіз, ол кісі алаламады, басы артық сөз айтпады, оғаш мінезбен көзге түспеді. Атам туралы жақсы сөздерді бала кезімнен жиі естіп өстім. Олар санамдағы архетиптер.

Бүгінде жұрт аузындағы атам туралы естелік сөздерді саралап отырсам, жа­рықтықтың расында өз ортасында тұл­ғалық, ақсақалдық дәрежеге жеткені анық екен.

 * * *

Ол кісі: «Адамның мінін бетіне баспа», – деп отыратын.

Осындай мінез байлығы өзім ұстаз санайтын академик Зейнолла Қабдоловқа да тән еді. Заман желі қойнынан да, қоныштан да соққанда бір ағайындар Зекеңнің үстінен жоғарғы жаққа «домалақ арыздар» жіберіп, оның әбден мазасын алған екен. Кейін осы жағдай сөз болғанда марқұм Зекең:

– Қайтесіңдер оны айта беріп, ондайларды аяу керек, – деп келте қайырып таста­ғаны есімде.

Ауыл, ел іші болған соң, әңгіме-аян, жел сөздер болмай тұрмайды. Кейде сондайлардың бір «қапшығын» буып-түйіп жинап атамның алдына әкеп, «қап аузын» шешіп, ішінен неше түрлілерді шығарғысы келгенде:

– Қарағым, сөз теріп қайтесің. Кімнің болсын жауап берер жері бар емес пе. Адамның адамға сот құрғаны дұрыс болмас, – деп тиып тастағаны есімде. Соншама «еңбегі» босқа кеткен ағайын ызадан алдындағы ыстық шайды ұрттап-ұрттап жіберіп:

– Есеке, сіз тым кең қолтықсыз, ал мыналар болса… – деп әлдекімдерге ашуын білдіріп, ақыры ісі өнбеген соң, дастарқан соңына қарамай тұра жүгіретін. Сонда атам күлімсіреп:

– Өмірге мұндайлар да керек, – деп әңгімені өзге арнаға ауыстыратын.

Атам өмір сүрген заманды қиын, ауыр болды деу әншейін сөздер. Анығында, ол дәуірді қилы заман, – деп бөліп айтқан жөн болар. Ол кісі замандастарымен бірге бірінші жаһандық соғысқа қолдарына күрек, қайла алып қатысты. Минскінің түбінде қара жұмыста болды. Сонда жүріп Әлихан Бөкейхановпен жүздесіп, сұхбаттасты. Осы кездесуді атам ерекше леппен айтатын. Бала кезімізде бізге «төре деген жау» дегенді әбден санамызға шегелеп тастағандықтан, атамның әңгі­месіне тіксініп қалатынмын. Жаны шуақ, мейірімді менің сүйікті атамның аузынан маған түрпідей тиетін «Әлихан төре» деген сөз шығатынына таңғалатынмын. Тарих пәні мұғалімінен осы туралы сұрауға талай оқталдым, сұрамадым, атама деген сүйіспеншілігіме күдік түсе ме деген іштей қаупім болса керек.

 * * *

Атамның адамдарды алаламайтынының талай куәсі болдым. Ол шежірешіл еді. Бірақ, оның шежіресі адамдарды бір-бірінен алыстатпай, керісінше, туыс­тырып, түптің түбінде «қарға тамырлы қазақ» дегенге бас­тап әкелетін. Бұл шежіре мәдениеті. Сірә, менің «бар қазақ бір қазақ» деп жүргенім, осы отбасындағы қалыптасқан шежіре мәдениетінен өсіп-өнсе керек. Дулаттың балалары: Ботбай, Шымыр, Жаныс деген бабаларды мен тұңғыш рет атамның аузынан естігем. Сонда ешқандай бөтенсіп айту жоқ, керісінше, өзіміздің ағайындар деп жайраңдап отыратын. Исі қазақ атамның туысы еді.

Ол кісіден тағы бір қалған сөз: «Қарақ­тарым, неге қазақша сөйлемейсіңдер?» –дейтін. Мен таңғалатынмын, бәрі қазақша, бірақ ол:

– Бұл қазақ тілі емес,  – деп тіл тазалығын, әрі сөз мәнісін бұра сөйлегендерге көңілі толмайтын.

Ол кісі сөздің ұлағаты, мәйегі болады деп отыратын. Бала болып көбіне мән бермедім, тіптен ұғына алмадым. Бірақ «сөз ұлағаты» дегені есімде қалыпты.

Біріншіден, бұл ғылыми лексикадағы, сірә, сөз семантикасына қатысты мәселе, екіншіден, сөздің образдылығына, үшін­шіден, «дөң астынан» тұспалдап сөйлеу тәсіліне қатысты болса керек.

Сөздің реті дегенді талай естідім. Бұл да ойланатын жай.

Ол кісі дауласуды дұрыс деп есепте­мейтін. Сөз түсінбеген адаммен сөз жарыс­тырма, үндемей қоя қой дейтін.

Өзі ондай адамдармен сұхбат жасауды аса жаратпайтын. Бірақ айтқан сөзім далаға, желге кетті деп өкінбейтін. Атам өткен іске өкінуді бос әуре деп, өзегіне өкініш толған туысқа:

– Қарағым, өткен іс өтті, бәрі Алла әмірі, – деп басу айтып отыратын.

Атам әйел затының «тіліне» жетік еді. Әлденеге қиналып келген келіндерінің қарияның кеңесінен кейін риза болып тарқасқандарын талай көрдім. Не айтты, толық біле бермеймін, әйтеуір отбасын сақтауды үлгілі іс дегеніне күдігім жоқ.

Ол келіндерді мадақтап, қолпаштап отырғанды ұнататын.

Үйге тіптен бір келген адам болса да:

– Қарағым, үйдегі келін тәуір бала екен, – дейтін.

Ол:

– Ақсақал, келініңізді көрген жоқсыз ғой, – десе:

– Көріп қажеті жоқ, мен өзіңді көріп тұрмын ғой. Киген кимің таза, өңің әрлі, көңілің тоқ. Келіннің жақсылығын міне, осыдан-ақ аңғарудамын, – деуші еді биязы мінезіне түсіп.

Келген қонақ дән разы болатын. Былай қарағанда сәл нәрсе секілді, істің астарына үңілсек, ұйысқан отбасының көрінісі шынында да түзде жүрген ер адамның тұла бойынан аңғарылмай ма?

Тағы бірде ол кісінің әйел жақсыны да, жаманды да көбінесе күйеуінен алады. Содан оны балаларына үлестіріп береді. Сонда кей балаға жақсылықтар, қайсы­бірі­не келеңсіздіктер «егіліп» кетпек. Содан кейін бір ата, бір анадан қалайша бұлай болды деп жатамыз дегені есімде қалыпты.

Мен әр адамды да от демекпін. Отсыз жан жоқ. От азайса адам қартаяды, от сөнсе кісі тірліктен қалады. Тәрбие деген адам бойындағы отты өшіріп алмау немесе шамадан тыс өршітіп алмау. Екеуі де қауіпті. Оттың от қалпында жануын мен адамшылық өрісі деймін. От лапылдап кеткенде экстремистер, террористер, революционерлер, соғысқұмарлар өсіп шықпақ. Грек мифологиясындағы құдайлардың отты адамдарға бермегендігінің мәнісі де осы болса керек. Жаратқан бермеген отты ұрлап алған Прометей бейнесі революционерлердің символы болғаны да көп мәселені аңғартады. Қазақ дүние­танымында сабыр деген ұғым бар. Сабырлы болу ақылдылықтың, зиялылықтың белгісі. Парасатты адам сабырлы болады.

Атамда мінез сабырлығы мол еді.

 * * *

Маған мінезі көркем адам кім десе, бірден:

Ол менің атам, – дер едім.

Өсе келе, менің үлкендерге деген құрме­тімнің өлшемі де осы кісінің көркем мінезі болды. Жасы келген жандардан көркем мінез көрмегенде ішім құлазып қалады. Неше жасқа келгендерде ақсақалдық жоқ. Бүгінде өзім де талай жасқа келдім, ішім­нен атаммен салыстырамын, бірақ деймін, кейінгі кезде сол «бірақтың» жауабын тапқандай болдым.

Біздің алдымыздағы үлкендердің дені өтірік айтты, бізді алдады, санамызды жал­ған іліммен улады, екіжүзді болды. Ал, Есім атамның аталары ондай іске бармаған сыңайлы, олардың табиғаты бөлек, сенімі, діні таза, ата-баба өсиеттеріне адал болды, олар жастарды жалғандыққа, өтірікке үйретіп, саналарын уламады.

Біздің ұрпақ қазақ болғанымызды «кінә» етіп таққан заманда ғұмыр кешті. Бай – надан, би – алдаушы, қазақ болып ғұмыр кешу – артта қалушылық, қазақ мектебінде білім алу – сауатсыздық, алда – «жарқын бола­шақ коммунизм». Мұның бәрі біздің таби­ғатымызды, бойымыздағы отымызды бұзды, рәсуа етті. Сол мибатпақтан енді-енді шығып келеміз.

Өтірігі мол қоғамда сабыр деген өз мағынасын жойып алады екен. Мұндағы сабыр деген айтқанға көн, айдауға жүр деген құлдық сана шырмауы. Төзімділік дұрыс шығар, бірақ неге болсын төзу ол тұлғаның еркінен айырылғаны, адамның «менінің» жойылғаны. Кеңес заманы бізді осылай тәрбиелеп, бойымыздағы отымызды «мұз-сенім» коммунизмге апарып өшірді.

Хакім Абайдың қайғы шығар ілімнен дейтіні осы. Бұл деген шайтандық, ал шайтанда сабыр бар деп кім айтты?

– Балам, сабыр түбі сары алтын, – дейтін менің Есім атам көркем мінезіне салып.

 * * *

 Атам «иісі қазақ» деген сөзді жиі айтушы еді. Сонда ойлайтынмын, қазақтан өзге иіс шығып тұра ма деп. Рас, қазақтың өзіне тән «иісі» барына көп кейін ғылыми ізденістер арқылы жетіп, оны ғылымда «менталитет», «діл» деп айтып, жазып жүр.

Тегінде, ол кісі «иісі қазақтарды» ғана емес, күллі өзі көріп, біліп жүрген адам баласын тең санайтын. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары алапат соғыс бас­талды. Қанқұмарлардың әлемдік ойыны өршіді. Фашистермен соғыс майданына атамның төрт ұлы: әкем, інілері Жәлел, Қану, Әдият араласты. Үлкен ұлы ақынжанды, сурет­­ші Сәтжан «халық жауы» болып түрмеде қайтыс болды. Елде қатын-қалаш, бұғаналары бекімеген бала-шаға шуылдап қалды. Күнде майданнан «қара қағаз» келіп, жұрт азан-қазан, сонымен бірге қай майданнан бір кем емес колхоз тірлігі. Тұрмыс деген әйтеуір өлместің күні, аштық, жалаңаштық дегендер өрт болып тұрған кез. Оның үстіне бір артық ауыз сөз болса, сен «халық жауы» болып «итжеккенге» кете барғаның. Бір уыс бидай ұрлағанның күні 15 жылға сотталу. Хал осылай, бірақ өмір сүру, болашақтан күдер үзбеу керек. Барға тәубе еткеннен өзге амал жоқ. Осындай жағдайда Лебяжі ауданының кейбір елді мекендеріне Кавказдан чешендерді және Еділ бойынан немістерді тасып әкеле бас­тады. Ол кезде өмірде жоқпын, естігенімді айтамын. Күндердің бір күні Жалтыркөл жағалауында отырған шағын ауылға колхоз жұмысына салу үшін екі-үш чешен отбасын әкелген, олар жадап-жүдеген, аш. Атам олармен амандасуға барып, халдерін көріп, басқармаға:

– Қарағым, мыналарды мен үйіме алып кетіп екі-үш күн тамақтандырайын, мұсыл­мандар екен, – десе, басқарма:

– Есеке, бұл жаулар, немістерге сатыл­ған. Мұндайларға аяушылық болмасын деген нұсқау бар, – деп қамшысымен жоғар­ғы жақ­ты көрсетеді.

Атам айтқанынан қайтпай:

– Қарағым, өзің қамшымен көрсетіп тұрған жоғарғы жағың, бір Алла. Бәріміз Алла тағала алдында теңбіз, бұлар мұсыл­ман­­дар, сөзімді тыңда, – дейді.

Үш-төрт күн еркіндікте чешендер тәп-тәуір боп, естерін жиып алса керек. Содан жұмысты жақсы істеп, басқарманың көңілінен шығыпты. Бұл менің естігенім, ал енді көргенімді айтайын.

Жалтыркөл жағалауында отырмыз, мектеп жасына ілікпеген кезім. Үйге сау етіп бір топ чешендер түсе қалды, ішін­де жиі қаты­насып жүретін қазақшаға судай біреуі бар. Қал­ғандары қазақшаға түсін­бейді, маған әсер еткені доғарадай сеңсең бөріктері.

– Ақсақал, мына кісілер Кавказдан біздің тұрмысымызды көргелі арнайы келгендер, қадірлі адамдар. Олар сіздің ауыр жылдары бізді паналатқаныңызды естіп, рахмет айтуға және Кавказға қонақ болып қайтуға шақыра келіп отыр, – деді.

Келгендері рас, рас дегендей бастарын изесті. Атам:

– Меймандар қонақ болсын, сенің қона­ғың болса, менің де қонағым. Айт, кісі күту мұсылмандық, мен бар болғаны парызымды орындадым, – деді.

Таныс чешен аударып жатыр, аналар өз тілдерінде шуласып кетті. Атам:

– Құдай қаласа, барам Кавказға, бірақ кейінірек, – деді.

Араға бір-екі жыл өтіп, тағы да Кавказға барып қайтуға шақырып чешендер келді. Қазақ­тың ана-мына жағдайы бітуші ме еді, жол түспеді.

Еділ бойынан шұбырып немістер келді. Көргенім жоқ, естуім, ауыр халде жеткенге ұқсайды. Соғыстың нағыз қызған кезі. Ел ішін «қара қағаз» жайлап кеткен. Ненің не екенін айыруға қиын заман. Неміс десе соғыс, неміс десе фашист болып, ыза-ашу бет­ке шығып тұрған мезгіл. Атам келген­дерді аралап жүріп, әбден діңкелері құры­ған екі-үш балалы отбасын үйіне алған. Көрші-қолаңдар:

– Есім, мұның не, фашистерді асырап, – деп шу шығарғанда:

– Бұлар фашистер емес, адам баласы ғой. Бұл бейбақтардың соғысқа қандай қатысы бар, – деп көнбепті.

Сонда атамның кіші баласы Әдияттан «қара қағаз» келген кез екен. Ойлаймын, менің атам ақылды емес, кемеңгер болған адам. Әйтпегенде, чешендер сияқты неміс­тер мұсылман да емес, тілі, діні бөлек, бірақ адам баласы деп, оларды атам туыс көріп қабылдаған. Бұл бейбіт, мамыражай заманда айтарға жеңіл сөз. Тағы да ойлаймын, «адам­заттың бәрін сүй, бауырым деп» деген хакім Абайға бар ғылыми ізденісімді арна­ғаным да осы ата тәрбиесі болар деген ойдамын.

Батыс Еуропа гуманисі Альберт Швей­цер адамзат баласының ауыр халіне Еуропа жұртшылығының кінәсі бар деп Габонда өмірбақи дәрігерлік қызмет атқарды. Сон­дықтан менің санамда Наполеон, Гит­лер, Сталин, тағы басқаларға орын қал­маған.

Атам әңгімешіл еді. Сөздері таусылмайтын, түрленіп, нәрленіп, құнарланып отыратын. Өзі келісті, келбетті жан еді. Көп адам көзіне көзін тігіп тура қарай алмайтын. Атжақты, дөңес қыр мұрынды, тыныс арнасы кең, бірақ жұқа болатын. Ерні қалың емес, жұқалау ма, қалай? Екі бетінің жоғарғы түсі қызғылт тартып тұратын, өзі аққұба еді, маңдайы қасқа, құлақтары әдемі, дембелше, ол кісінің отырғаны кейбіреудің түрегеп тұрғанындай әсер қалдырушы еді, өте қарулы болатын. Жамбасының астында қылшылдаған өткір балтасы, бәкісі, ұстарасы және ақшасы болатын. Кей-кейде екеуміз отырып санап қоятынбыз.

1916 жылы қара жұмысқа, майданға барғандағы әңгімесін айтатын.

– Күні бойы окоп қазып, кешке қазақтар жиналып домбыра тартып, ән саламыз. Қал­ған уақытта мен әңгіме айтамын, құдай­дың құдіреті, бір айтқан әңгімемді ешқашан қайта­ламадым, – дейтін.

Атам дүниеден өткенде он алты жастамын, өкінішті. Бұл әлі де «ойын баласының» жасы, атамды қазына деп бағалайтын кез емес еді. Оның үстіне ол кісі өмірінің соңғы жылдары бізден жырақ Қазантайда тұрды, жиі қатынас болмады. Соңғы жылдары қолында болғанымда біршама әңгімелерді есімде сақтап қалар ма едім деймін. Ата мен немеренің жиі жолығып тұруы сабақтастық үшін аса қажетті шара, ынталы жасқа ата деген телегей-теңіз ақпарат арнасы емес пе?

Сонда да жадымда сақталған бірер сөздерге тоқталғанды жөн көріп отырмын. Есім атам бес уақыт намазын қаза қылмаған, бірақ әдеттегідей діндар емес еді. Дін мәселесіне қатысты әңгіме бола қалғанда, өзінен екі жас кіші Әлім атама жөн сілтеп:

– Мұндай шариғатты Әлімнен сұраңдар, оның оқуы терең, – деп отырғанын талай естідім.

Кіші атамыз (бәріміз Әлім атаны солай атай­тынбыз) шынында да нағыз ғұлама. Үйіне қашан барсам да қолында кітабы, сәлем алып, қысқаша жөн сұрасқаннан кейін қайтадан өз кәсібіне икемделген соң, ақырындап бөгет жасамайық деген сыңаймен шығып кететінбіз. Бірақ ауыз үйде Биғайша апамыз шай жасап күтіп отыратын, жарықтық. Кіші атам шайға кейде ғана келетін, көбінесе апаммен сұхбаттасып, шай ішіп үйден разы болып аттанатынбыз. Себебі, мен де, өзге туыстар да кіші атамның үйін қасиетті деп санайтынбыз, бұл бір. Екіншіден, бұл Сексенбай бабамыздың шаңырағы деп есептелетін. Өткен-кеткенде кіші атамның үйіне арнайы барып сәлем бермеу, мен үшін әдепсіздік. Әкем осылай деп менің санама әбден құйып тастаған. Өз тарапымнан кіші атамды ерекше жақсы көремін, ол араб, парсы тілдерін жетік меңгерген әрі кісі емдейтін қасиеті бар ерекше жан. Мен өз атам Есімнің інісі Әлімнің қатар өмір сүрген кездерін  ғұмырымның сәулелі күндері, жылдары деп анық айта аламын. Себебі, олар заманының кемеңгерлері еді. Бұл жұрт пікірі, менің оған алып-қосарым жоқ. Ағайынды екеуі елдің ырысы да, құты да еді.

 

Есім атамның айтты деген сөздеріне оралсақ, ол кісі: «Желмен келіп, желмен кетер жел сөзге ермеңдер», – деп отыратын. Рас. Жасым ұлғайған сайын осы сөздің мағынасы ашыла бастағанға ұқсайды. Желмен не келмейді, жел боп не кетпейді, сонда қалатыны не? Ертедегі жыраулардың су түбінде жатқан сөз деген меңзеулері де осы мағынада айтылған емес пе? Тілімізде әмбебап деген түсінікті қолданамыз. Заман­­нан заман өсіп-өнгенмен, су түбінде қала­тын құндылықтар болады, атам әңгімені солар төңірегінде өрбітетін. Ел ішінде адамдар мінез-құлқына, іс-қимылына қарай сан түрлі болатыны белгілі жай. Сондай мінезі алып-ұшып тұратын «көше сөздерін» жинап отырған жерінде оларды «жыр» ететін атамның бір замандасы:

– Есеке, сіз Әлеке (кіші атамды айтады) бір ата, бір анадан туғансыздар, бірақ мінездеріңіз мүлдем басқа. Әлекеңе сәлем бере барсам, сәлемімді алып бірер сөзден кейін бұрылып, кітабына үңіліп, мені жан деп есепке алмайды, мұнысы қалай?

Атам бірден жауап бермей, әлгі адам тағы не дер екен деп, оған көзін қадап бір сәт отырды, ананың дегбірі қаша бастады. Атамның көзі ашық жасыл, өткір еді.

– Қарағым, Әлім молда, дін жолында, ол желмен кетер сөзге мойнын бұрмайды, реніш қылма, оның мінезі тұйық, – дейтін.

Жел сөз деп отырғаным, «өсек сөз­дер», кей-кейде осындай сөздерді тере­тін әжеп­тәуір билік басындағыларды кездестіргенде есіме атам түсіп: «Әттең, шіркін, оқуың болғанмен, тәрбиең шамалы болған-ау», –  деймін ішімнен. Қазақ тәрбие деген сөзді «көрген» дегенмен білдірген. Парықсыздау жанды қазақ  оның көргені жоқ екен деп жатады. Осы көргені жоқ дегенге тағы да Есім атама қатысты мысал.

Атам сексен бестен асқан шағында бабалар зиратына жақын Қазантай деген ауылға қоныс аударды. Өрімдей сұрып­талған қарағайдан кең үй салдырып, сонда тұрып жатты. Шағын ауыл үшін атамның қоныстануы оқиға. Қазақы дәстүр бойынша тегіс сәлем беріп, құтты қоныс айтып жатыр, ерулік деген одан кейін болатын шаруа, әуелі сәлем. Ата дәстүрі үлкендер болғанда бұзылған емес. Ай өткен шамада бір үйден кейін тұратын көрші азамат сәлем бере келіп:

– Ақсақал, шаруадан қол босамай кештетіп келіп отырмын, ғафу етіңіз, – депті аңғалдықпен.

Сонда атам көрші азаматтың сөздерін мұқият тыңдап алып, былай депті:

– Қарағым, саған қандай өкпе, жұмыс­бастысыңдар, бала-шаға қамы бар. Сәлем беріп ата салтымен келгеніңе дән разымын, айналайын, мен ренжісем, анау Сүлейменге ғана ренжимін ғой, – депті.

Сүлеймен сәлем беріп отырған азамат­тың әкесі, атамның құрдасы екен. Жібі түзу болғанымен, кісілігінде міні барын ел айтады. Әкең солай болғанда сен одан асып қайда барасың деген меңзеуді әңгімеге куә болып отырғандар маған талай айтып беріп: «Есекең кемеңгер еді ғой», – деп тамсанатын. Атам тағы айтушы еді:

– «Дастарқан басында дастарқанның сөзін сөйлеңдер», – деп. Онысы ас, дәм келгенде дастарқан көркіне енеді, олай болса, сөз де көркем болуы керек. Дастарқан басында ол кісі ғайбаттау, көше сөздерін айтуға тыйым салып отыратын. Сондағы дастарқанға қарасаңыз, бауырсақ, май, құрт, шашырап жатқан өлшеулі шақпақ қант, соңынан келер табақ ет, кейде қуырдақ қана. Осы көрікті дастарқан деп, тәубе деп бата жасап, тілек тілейтін. Ол кісі «дәм», «тағам», «ырыздық», «несібе», «шүкіршілік» деп отыратын. Барға қанағат ету атамның басты философиясы болатын, басқа амал бар ма, елде тегіс жоқшылық, жетіспеушілік, қисынсыз істер, көпірме-өтірік сөздер. Осындай жағдайда атам бас­тап дәм ішіп отырған дастарқан шынында айтып таусылмайтын керемет болатын.

Жоғарыда атамды кемеңгер дедім. Бұл әншейін айтылған сөз емес.

Есімде анық қалған оқиға. Никита Хрущевтің өрлеп, бет қаратпай тұрған кезі.

Әдеттегідей, үлкен астан кейінгі әңгіме саясатқа ауысты. Сталинді жерден алып, жерге салып жатқан идеологиялық науқан. Сол кезді бүгін ойласам, ком­мунистер деген принципсіз, жалған сенімге уланған жандар екен. Кезінде олар Сталинге құдайдай сеніп, ол өлгенде солқылдап тұрып жылады. Енді, міне, Хрущевтің айтқанымен оның «моласын тепкілеп» жатыр.

Әңгіме қыза келе, түйінді сөздің мезгілі жетті-ау дегенде, Есім атам бір сілкініп, тамағын кенеп: «Естеріңде болсын, бұл өкіметтің ғұмыры ұзаққа бармайды. Оны мен көрмеймін, сен (әкемді нұсқап) шет жағасын көресің, ал мынау (мені нұсқап) сол заманда ғұмыр кешеді», – деді.

Балаға бұл ауыр түсінік, мен он жастар шамасындамын. Маған атамның сөзі оғаш көрінді, осы оғаштығымен менің жадымда сақталды. Егер түсінікті болғанда ұмыт болар еді.

Отырғандардың бірі сәл үнсіздіктен кейін:

– Есеке, неге олай дейсіз, – деді.

Атам бәрің мұқият тыңдаңдар деген сыңаймен:

– Олай дейтінім, бұлар бірін-бірі жамандап жатыр. Басшылары бірін-бірі ғайбаттаған өкіметтің ғұмыры қысқа. Он­дай ғибрат өткен замандарда болған. Бала­сы әкесіне, інісі ағасына қарсы шыққан патшалардың елдері өзгелерге жем болып отырған. Бұл да соның кебі, – деді.

Бүгін ойлаймын, неткен көрегендік. Кемеңгерліктің өзегі – көрегендікте. Атам айтқандай болды. Сталинге қарсы шық­қан Хрущев көп тұрақтамады. Билікке Ми­хаил Горбачев келді, ол кезде әкем бар, тәуелсіздікті көріп, ол кісі 1993 жылы дү­ниеден өтті. Мен болсам, Есім атам айтып кеткендей, мүлдем өзге заманда ғұмыр кешу­демін. Таңғаламын. Саясаткерлер, кеңес заманында басшылық қызметте болғандар:

– Біз СССР-дің ыдырауын білмей қалдық, – деседі. Ал, ауылдың оқымаған ақса­қалы ХХ ғасырдың елуінші жылда­рының соңында әлемді түпкілікті өзгер­тетін геосаяси оқиғаны сезіп-біліп, болжап айтып кеткен. Сонда оқыған кім, кемеңгер кім, сауаттылық деген не?

Қадірлі оқырман, санаңызға салып ойлай беріңіз, жалпы иісі қазақ ауылының ақсақалдары тегіс көреген, кемеңгер бол­ған. Мен солардың бірін ғана, атамнан есті­гендерімді баяндап отырмын!

Ғарифолла Есім, 

академик.

АСТАНА.

Сүйкімді қыз

$
0
0

Сүйкімді қыз

Көктем келіп барлық жер беті гүлденіп оянады емеспе? Осы көктемнің кереметіне орай, біздің мектептеде көктем-аруы болып өтті. 5 «Б» сыныбынан Абдрей Мадина атты аруымыз шығып, өз өнерін көрсетті. Қорытындылай келе, аруымыз сүйкімді қыз номинациясымен марапатталды.

 

Тараз қ, №32 орта мектеп

Сынып жетекші: Жунисова Э.Ф.

 

 

 

 

 

                                         

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ САЙ БОЛСЫН

$
0
0

Кең пейілді қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық қой. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадыр-қасиетін әбден білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын Толыбай сияқты сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп оңтайлы пайдалануды шебер игерген. Малдың еті, сүті, жүні, түбіті, қылы, шудасы, терісі, тіпті мүйізіне, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып, ұқсатып отырған. Мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі, тұтынса – бұйымы да, байлық, мақтан, салтанаты да осы мал болған.

Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Олай болса, кейінгі жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары һәм бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс. Әрине, олардың бәрі бірдей малды бағар, бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін жадында сақтағаны жөн.

Міне, осы жайларды жас ұрпаққа оқытып, үйрету олардың ой-өрісінің өсуіне де, малға деген ынта-ықыласына да жақсы әсер ететіні сөзсіз. Төрт түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар өте көп. Айталық, түйе, оның өсу жолымен аталуы бота, тайлвқ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура ... деп аталады.

Түйені қасиетіне қарай: біртуған, беқпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі. «Айырдан туған жампоз бар. Нарға жүгін салғысыз» (Шалкиіз жырау). «Қомын кессең былқ етпес, Бекпатша қызыл нар еді» (Н.Ахметбеков). түйенің азғын түрлерін көрт, көйін дейді. «Түйе жаманы – көрт, шөп жаманы – керт» (Мақал).

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал – жылқы, ол: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп жасына, түріне қарай ажыратады. «Ат, айғырлар, биелер, Бүйірі шығып ыңқылдап» (Абай). Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлдүл, арғымақ ... деп сипаттап ерекше дәріптеп бағалаған. «Көз салдым жүйрігі мен жорғасына» (Н.Ахметбеков). айт, ас, тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние, жиһаз тігілетін болған. «Тігіпті бас бәйгеге елу бие, өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, Жабулы қара нарға қалы кілем, Аты озған олжаға болады ие» (Н.Ахметбеков). жалпы халық жылқыны жоғары бағалап һәм оны көп өсірген. Тіпті оның жүрісіне дейін жіктеп: аяң, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс деп түрге бөлген. Басқа малға қарағанда жылқы түсі де көп. Торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, шұбар, теңбіл, теңбіл көк, баран, бурыл, қылаң, ала, сұр, кер, құла, құлагер, қарагер. Жылқының жаманын мәстек, тулақ дейді.

Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Сый-сияпат, кәделі жерлерде халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек, ол құрмет белгісі ретінде ұсынылатын үлкен сый орнына жүреді.

Сиыр жасына қарай былай аталады: бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа. «Пұл жібердім қалаға, Бұзау баспақ, танаға» («Қобыланды батыр»).

Қой: қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз қой, қошқар, саулық... деп жіктеледі.

Ешкі былай жіктеледі: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке.

Малдың қадірін біліп, қасиетті бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Айталық, Ботагөз, Нартай, атанбай, Бурабай, Жылқыайдар, Түйебай, Қошқар, Қозы, Серке, Қойшыбай, Құнанбай. Қазақ халқы балалаларын ботам, құлыным, қошақаным деп еркелетіп, әлпештеуінде де терең мән бар. Тіпті, ертедегі халықтық жыр, әңгіме, ертегілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, сұлулармен қоса дәріптеліп айтылып жүреді. Мұның бәрі халықтың малсақтық, малжанды ерекшеліктері һәм ұғымынан туған.

Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Түйе сүті – шұбат, жылқының қымызы денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусын. Сиыр мен қой сүтінен айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей, тағы басқа көптеген ұлттық тағам жасалады.

Халық ұғымында әр малдың иесі, пірі бар деп түсіндіріледі. Айталық, түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата, сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шекшек ата. Әр малдың өзіне түсінікті «тілдері» де бар. Түйені «көс-көс», жылқыны «құрау-құрау», сиырды «әукім-әукім», қойды «пұшайт-пұшайт», ешкіні «шөре-шөре» деп шақырады.

Өріске шығарғанда: түйені «арай-арай» деп, жылқыны «құрай-құрай» деп, сиырды «шуу-шуу», «өк» деп, қойды «шәй-шәй» деп, ешкіні «шек-шек» деп қайырады, жылқыны «құр-құр» деп тоқтатады, түйені «шөк-шөк» деп шөгереді, «шуу» деп тұрғызады, өргізеді, айдайды.

Сондай-ақ әр малдың үні де бар. Түйе боздайды, жылқы кісіейді, сиыр мөңірейді, қой, ешкі маңырайды...

Малдың негізгі ауруларының аттары мынадай: түйеде – ақшелек, қатпа; жылқыда – жамандату, шеміршек, маңқа; сиырда – аусыл, қарасан; қой, ешкіде – топалаң, кебенек т.б. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ – ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ

$
0
0

Бәкірова Айжан Шатланбекқызы

№156 Н.Бекежанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 

Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

«Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.

Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады.
        1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  1. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
  2. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.


Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистербергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:

«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.

Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. 

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.

  1. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
    Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады.

Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:

1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;
2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;
3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.

Оқушы қарастырғанда В. П. Беспальконың ІҮ деңгейіне яғни шығармашылық деңгейге тоқталу қажет. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы ойынға қызығу арқылы шығармашылық тапсырмаларды жеңіл әрі белсенді түрде орындайды.
А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Бастауыш сынып оқушыларын жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.

Оқу үрдісі оқушылардың оқу - танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.

Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.
Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
    2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
    3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
    4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).
    5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
    6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
    7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
    8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты»Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.
- Бір жылда неше ай бар?

  • Қандай жыл мезгілдерін білесің?
  • Жайлау табиғаты қандай? т. б.

Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар топ бойынша: 1 - топ – күз ерекшеліктерін, 2 - топ – күздегі еңбек, 3 - топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.

Оқушылардың ана тілі пәнінде танымдық қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушылардың кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы артып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, ана тілін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

  • тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу;
    - суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту;
    - жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу;
    - топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. мысалы: «Арыстан мен түлкі» ертегісінде арыстан мен түлкінің және тағы да басқа аңдардың іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.
  • Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
  • Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
    Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы
    Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
    - Жылдың бесінші айын ата.
    - Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
    - Бүгін аптаның қай күні?
    - Көз адамға не үшін керек?
    - 685 пен 687 арасында қандай сан бар?
    - Есік қандай геометриялық фигура?
    Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:
    - Балаларға ойдан математикалық ертегі құрастыруға тапсырмалар беру.
    - Қиялдау арқылы сурет салғызу.
    Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:
    Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)
    2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).
    3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)

    Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
    Дүниетану сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.
    Мысалы: Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей топтастырып құрастырады:
    мөлдір, түссіз сұйық
    Су жұғады, жабысады, ағады
    Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім:
    І топ – эссе жазады «Су – тіршілік көзі»
    ІІ топ – сурет салады
    ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең»
    Эссе «Су – тіршілік көзі»
    Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
    Бес жолды өлең
    Су
    Мөлдір, түссіз
    Ағады, жұғады, жабысады
    Ол бізге өте қажет
    Сусын.
    - «Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпты өткенде ертегі құрастыртуға болады.
    Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үрдісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі. Сонымен бірге бастауыш мектептерге арналған мультимедиялық оқулықтарды жасау және пайдалану қолға алына бастады.
       Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.

        Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
         Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.
3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.
4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады.
5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж
2. Бастауыш мектеп №3, 4 2010ж
3. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж
4. Қазақстан мектебі, Алматы №8 2003ж
5. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы «Аруна» 2006ж
6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1 2006ж

Ұстаз

$
0
0

Жұнусова Алия Мансұрқызы

Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

№16 бастауыш мектеп

«Оқушылардың шығармашылық жұмысы»

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Жақсы мұраптың атынан су ереді,

Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.

          Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Шәкірттеріміз мектеп беделі болса , ұстаздың мерейі үстем болады. № 16 бастауыш мектептің мақтан тұтар 4-сынып  оқушылары   Аманханов Нұрдария,   Рақымжан  Аманжол, Изимберди Мағауия сияқты оқушыларымыз қазақ тілі пәнінде тіл байлығын көптің көркі болып, сөздің өрмегін иіріп жүрген  мақтаныштарымыз. Олар мәнерлі сөйлеп, бір, екі ауыз өлең шумақтарымен сөз өнерін тізбектеген талантты тұлпарларының тұлпар оза шауып, мәреге жетіп, қасиетті Маңғыстауды әлемге танытады деген  ел үмітін арқалаған болашақ азаматтарымыз. Шәкірттеріміздің сөздерден тізбектеген өлеңдерінен үзінді.  

Ақ анам

Ақ анам, ақ мамам,                                                    

Сендей болса ақ балаң.                                   

Айтқан тіліңді алайын

Жұмсағаныңа барайын.

      Жаңа жыл                                     

Жаңа жыл , жаңа жыл.                                             

Жаңа ғасыр жаңа жыр

Жасыл шырша алдында,

Билеп барлық бала жүр.

                     Жан досым

Жан досым сені ғана сағынамын,

Жан досым сенсіз өмір сүре алмаймын.

Жан досым мейірімді адамсың сен,

Жан досым сені ұмыта алмаймын мен.

                     Қ-сы

Досым, досым бұлақтай мөлдірсің ,

Әрдайым пейілің көл-көсір жан досым.

Күндерім шуақты өзіңмен,

Жан досым сені ұмытпаймын,

Осы әнім сен үшін төгілсін.

Бала тілі бал.

$
0
0

4 «Е» сынып оқушысы Аманханов Нұрдария.

Жаңаөзен қ №16 бастауыш мектеп.

Бала тілі бал.

    Біз бай емеспіз. Жеріміздің асты да, үсті де-тұнып тұрған байлық. Жер қойнауындағы мұнай мен газымыз, темір мен көміріміз, алтын мен күмісіміздің өзі неге тұрады? Болашақта соларды игеретін мамандардың қатарын толықтырсам, елімізге көбірек пайдам тиер еді деп ойлаймын.

                    4 «В» сынып. Аманжолов  Рақымжан.

    Қазіргі таңда Қазақстанды дүние жүзі біледі. Бүгінде көгілдір туымыз Нью-Иорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Дүние жүзінің әр елінде Гимніміз орындалған сайын бойымызды мақтаныш сезімі кернеп, жүргенімізді елжіретеді. Бұдан артық қандай бақыт болуы мүмкін. Балалар жетпеген бақытқа жеткен біз маңдайы жарық ұрпақ екенбіз. 

                    4 «В» сынып. Аманжолов Рақымжан.


Бала тілі бал.

$
0
0

4 «Е» сынып оқушысы Аманханов Нұрдария.

Жаңаөзен қ №16 бастауыш мектеп.

Бала тілі бал.

    Біз бай емеспіз. Жеріміздің асты да, үсті де-тұнып тұрған байлық. Жер қойнауындағы мұнай мен газымыз, темір мен көміріміз, алтын мен күмісіміздің өзі неге тұрады? Болашақта соларды игеретін мамандардың қатарын толықтырсам, елімізге көбірек пайдам тиер еді деп ойлаймын.

                    4 «В» сынып. Аманжолов  Рақымжан.

    Қазіргі таңда Қазақстанды дүние жүзі біледі. Бүгінде көгілдір туымыз Нью-Иорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Дүние жүзінің әр елінде Гимніміз орындалған сайын бойымызды мақтаныш сезімі кернеп, жүргенімізді елжіретеді. Бұдан артық қандай бақыт болуы мүмкін. Балалар жетпеген бақытқа жеткен біз маңдайы жарық ұрпақ екенбіз. 

                    4 «В» сынып. Аманжолов Рақымжан.

Жаңарған білім беру мазмұны жағдайында оқу – тәрбие процесін педагогикалық жобалау»

$
0
0

Қазақстандағы қазіргі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, мемлекет дамуындағы жаңа стратегиялық бағдарлар білім беруге деген талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім мен дағдыларды өмір бойы алу және жаңартып отыруға қарай ойысты. Соның нәтижесінде формальді оқытудан өзге формальді емес және дербес оқытудың жаңа формалары пайда болды. Тұтастай алғанда, болашақта еліміздің табысты дамуын қамтамасыз ететін әрбір азаматтың білімге деген сұраныстарымен қызығушылықтарын қанағаттандыратын мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа өзара

қарым – қатынасты құру қажеттілігі туындады.

         Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми – техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілетімен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – ұлттық мәні бар міндет.

         Елбасы Н.Назарбаевтың 2009 жылғы халыққа жолдауында елімізге «қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет» екенін атап көрсеткен болатын.

         Біздің мемлекеттің жақын жылдардағы стратегиялық міндеті – елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсеккелестікке бейім 50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның рейтингі бойынша анықтайды. Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен сапасына қатысты.

         Педагогикалық мағынада – білім беу өзін – өзі оқытуға, өзін – өзі тәрбиелеуге, өзін – өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жиһандық проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз.

         Күллі мектеп өмірі тірішілігін тиімді, оңтайлы ұйымдастыру, мектептің әрбір басшысы мен мұғалімінің қызметін сапалы орындауы, оқу – тәрбие үрдісінің табысты болуы болашақтың айқындығына, шешілетін міндеттердің нақтылығына, міндеттемелердің анық бөлінуі мен жұмысты іскерлікпен, жедел үйлестіруге байланысты. Көп қырлы мектеп өмірінің әр бөлігі үшін нақты, ойластырылған жұмыс жоспары болғанда ғана, осының барлығы мүмкін болмақ.

         Жаңа оқу жылына арналған оқу – тәрбие процесін жобалап,

жоспарлау – бұл мектептің маңызды жергілікті актісі. Білім беру ұйымдардың басқаруының жетілдіруі бүгінгі таңда мектепішілік жоспарлауды ғылыми негізде қарастыруды талап етеді. Себебі ол – мектепті басқарудың және оның ілгерінді дамуының бір бөлшегі. Ол толық мөлшерде Қазақстан Республикасының заңдарына, Жалпы білім беретін мекеме туралы үлгі ережеге сәйкес болуы және осы заманғы педагогикалық менеджмент, дидактика, психология жетістіктеріне негізделуі тиіс.

         Бірінші кезеңде білім беру менеджері өзінің оқу – тәрбие үрдісіне қатысты байқауларын жүйелейді, орынбасарларында, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде, құрылымдылық бөлімшелер жетекшілерінде қолданған материалдарды талдайды, жекелеген мұғалімдермен ақылдасады, мектептің қоғамдық құрамалары басшыларымен кездеседі.

         Дайындық кезеңінде директор мектептің жаңа оқу жылына арналған

оқу – тәрбие жұмысы жоспарының жобасын даярлау туралы бұйрық шығарады, онда мыналар анықталады:

  • Жылдық жоспар жобасын жасау бойынша жұмыстың мерзімі, жоспардағы әрбір тармақты құрастыруға жауапты адамдар.
  • Жоспар жобасының тармақтарын дайындау бойынша жұмыс комиссиясын жинақтау.
  • Жұмыс комиссиясына нұсқаулықтар жүргізу, педагогтарға кеңес берумен шығармашылық ізденістерге ынталандырудың тәсілдері.
  • Жұмыс комиссиясы қызметін талдау және жоспарлау (мектеп негізігі бағыттары мен оның бастапқы нәтижелеріне талдау; қызметтің жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттерін анықтау; жоспардың әрбір бөлігі негізгі мақсатты іс – шаралар тізбесін жасау).
  • Ақпараттық материалдарды талдамалық өңдеудің тәртібі (проблемалық бағыттылық, атқарушылар, жалпы мектептік іс – шараларды келісу; білім менеджері, менеджер орынбасары мен педагогикалық кеңес жанындағы отырыстарға шығарылатын мәселелерді үйлестіру).
  • Білім менеджері жанындағы отырыста жұмыс комиссиясы ұсынған жұмыс жоспары тармақтары жобасын талқылаудың тәртібі (комиссия жетекшісінің жоспар тармағы жобасын және оны қорғауға ұсынуы; жоспармен алдағы уақытта жұмыс істеу жөніндегі ұсынымдарды шығару).
  • Жаңа оқу жылына арналған мектеп жұмысының жобасын педагогикалық кеңесте алдын ала талқылау мерзімдері (оқу жылындағы нәтижелерді ескере отырып, оны соңына дейін өңдеу жөніндегі ұсынымдарды шығару, оқушыларды әлеуметтендіру, жазғы еңбек пен демалысты ұйымдастыру).
  • Педагогикалық кеңес отырысында мектептің жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспарын талқылау мен бекіту мерзімдері.
  • Педагогикалық кеңестегі талқылаудан кейінгі жылдық жоспарға енгізілген толықтырулар, нақтылаулар, ескертулер мен түзетулер тәртібі.

Дайындық кезеңінде директор, оның орынбасарлары мен мектеп қызметтерінің басшылары жалпы дамыту мен білім беру оның ішінде жоспарлау мәселелері жөніндегі жаңа нормативтік, нұсқау беруші құжаттарды, теориялық және әдістемелік материалдарды зерделейді.

    Жоспарлаудың екінші кезеңінде алдағы оқу жылына арналған жоспар жобасын талдап, құрастыру үшін жұмыс тобы мүшелері арасында жалпы мектеп жоспарының тармақтары бөлінеді.

    Талдау барысында оқу жылы бойында жоспарланған іс – шаралардың қаншалықты табысты орындалғанын, ұжымның барлық іс – шараларды мектептің негізгі мақсаты мен міндетіне сай бағындыра алғандығын, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогикалық ұжымы қаншалықты қалыптасқандығын және т.б. айқындап алулар мақсатқа лайықты болмақ. Осылармен қатар шешілмеген проблемалар мен олардың пайда болуы себептерін анықтап алу қажет, содан соң ғана жаңа оқу жылына арналған іс – шараларды жоспарлауды бастаған жөн.

    Мектептің жылдық жоспарында оның бөліктері: талдауы, міндеттері мен іс – шаралар мазмұндарының арасында қисынды ішкі байланыс болуы тиіс.

    Жылдық жоспардың талдамалық бөлігіндегі мазмұн өткен жыл қорытындыларымен байланыстыра терең, нанымды да толық көлемде қарастырылуы тиіс. Жалпы мектептік жылдық жоспарда бар іс – шаралар жаңа оқу жылына қатысты талдамалық тұжырымдарға, негізгі міндеттерге сәйкес болғаны абзал. Жоспарлау үрдісінде іс – шараның педагогикалық қажеттілігі оның жүйеге көп мақсатты ықпал етуі тұрғысынан пайымдалады.

    Әдетте жылдық жоспарды даярлау ағымдағы оқу жылының соңына қарай аяқталады, ал соңғы нұсқасы тамызда жаңа оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесінде бекітіледі. Білім беру мекемесінің өткен оқу жылындағы жұмысты қаншалықты табысты қорытындылап, оңды нәтижелері мен кемшіліктері айқындалғанда ғана, алдағы уақыттағы жұмыстары жетістікке жетіп, жемісті болмақ.

    Жылдық жоспар жобасын талқылауға арналған педагогикалық кеңестің тамыз отырысы жаңа оқу жылы есігін ашады десек болғандай, онда жұмысқа іскерлік өң беріледі. Егер мектеп әкімшілігі педкеңеске дейінгі бірнеше күн бұрын жоспар жобасын педкеңес мүшелерінің қолына тигізе алса, нұр үстіне нұр, онда педкеңесте талқылауға айтар пікірі әзір болар еді. Онда жобаны педкеңесте оқудың қажеті де жоқ және оны талқылауға уақыт молынан жетеді.

    Талқылаудан және педкеңес қабылдайтын шешімдерден соң барлық ескертулер мен ұсыныстарды байыппен талдай отырып, директор жоспарды соңғы рет редакциялайды, оны бекітеді және оның бекітілгені туралы мектеп бойынша бұйрық шығарады. Барлық рәсімдеу мәселелерінен өткеннен кейін жылдық жоспар мектептің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нормативтік құжат күшіне енеді. Бірақ мұнымен жұмыс бітпейді. Енді жылдық жоспардың архитектоникасына назар аудару керек. Титулдық парақ рәсімделіп, беттері нөмірленеді (бауланады). Титулды парақта педагогикалық кеңестің жоспарды қабылдаған күні, оны дтректордың бекіткен күні (директордың қолы және мектептің мөрі қойылады) көрсетіледі. Жоспар қажетті данада басылады: бірінші данасы – мектеп және құрылтайшының істер номенклатурасында сақтау үшін, жұмыстағысы – мектеп басшылары үшін.

    Мектептің жұмыс жоспарына білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың қолы жетерліктеу болуы тиіс. Көптеген басшылар мектептің жергілікті желісі болса, өзінің күнделікті жұмысында жылдық жоспардың электронды түрін пайдаланады. Өте қолайлы, заманына сай және уақыт үнемдейді.

    Жалпы алдағы оқу жылына арналған мектепішілік жұмысты жоспарлаудың табысты болуы жоспарды әзірлеудің әрбір кезеңін жеке – жеке және барлығын бірге жүзеге асырудағы бірлік пен тиімділікке байланысты. Оларды жүзеге асыруда – мектептік жоспарлар ұтымды табысының кепілі, сондай – ақ барлық педагогикалық ұжым жұмысының демократиялық негізде жетілдірілуі жатыр.

    Ағылшындық білім реформаторы Майкл Барбердің сөзімен айтсақ, «білім беру сапасын түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: мұғалімдік қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір оқушының сапалы білім алуына қолайлы жағдай туғызу. Оның білім сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдер сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деген болатын.

         Сондықтан оқу – тәрбие үрдісін жоспарлағанда әрбір оқытушының жаңашылдық бағытта бастама – тәжірибелерді зерттеуге, таратуға және оқу – тәрбие үрдісіне енгізуге, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға әсерін тигізетіндей етіп жоспарлау қажет.

Жан анам

$
0
0

Асқарова Аида «№236 орта мектебі»КММ-нің

 3 «Ә» сынып оқушысы ШҚО Жарма ауданы

Шуақ ауылы

                                                Жан анам

  Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап жаныма жақын, әрдайым қамқоршым болып жүретін керемет бір жан бар. Ол –аяулы да ардақты анашым. Ол- мейірімді, абзал, асыл жан. Анашым бізге әрқашан мейірімін төгуден жалықпайды. Ізгілікке үйретеді. Түн ұйқысын төрт бөліп, ыстық ықыласын аямайды.  Сәл ренжіп отырған сәтте, анамның  аяулы үнін естісем, жадырап сала беремін. Жер бетінде аналардай шуақты жандардың барына қуанамын. Себебі, анашым-күндей шуақты, күндей мейірбан, табиғаттай пана,гүлдей нәзік.

  Олай болса, барлық балалар аналарымен қуансын, аналарымен көркейсін дегім келеді. Оны еш ренжітпесін. Анамыз асыл тастардан да қымбат! Мына жолдар жан анама арналады:

                                                        Әлдилеген анашым,

                                                        Әр кез бізге панасың.

                                                        Мейірімді қамқоршым,

                                                        Жер бетінде дарасың.

                                                                                                      

Менің отбасым

$
0
0

Менің отбасым

 « Отбасы – ошақ қасы » дегендей, менің отбасымда әкем, анам, екі ағам және бауырым бар.

 Менің отбасым өте тату- тәтті тұрады. Себебі, анам әркез бізге бауырмал және мейірімді

болыңдар деп айтып отырады. Ал әкем болса, ақкөңіл, адал, еңбекқор болыңдар дейді.

Біз отбасымызбен жазғы демалыста жиі саяхатқа шығамыз. Әкем бізге еліміздің табиғаты керемет жерлеріне апарып қыдыртады. Мен еліміздің керемет жерлерін көргеніме қатты

 қуанамын.

Мен өз отбасымды жақсы көремін. Өскенде жақсы білім алып, ата-анам мен ағаларыма қамқор боламын!

                                                                                                   Берикұлы Бекарыс

                                                                                                  2 «а» -сынып оқушысы 

                                                                       

Ана туралы шығарма

$
0
0

Алматы облысы, Талғар ауданы,  Жалқамыс ауылы  « Мектеп  жасына дейінгі  шағын  орталығы бар №15 жалпы  білім  беретін орта мектебі»

                                мемлекеттік  коммуналдық мекемесі

Ана

             Ана деген өмірдегі ең мейірімді жан. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір байлық емес пе?! Міне, анаға деген махаббат сенің сәби күніңнен бастау алады.  Ананың жолы басқа , ардақты жол. Ана сөзінің мағынасы  өте зор,  жылы сөз, құлаққа жағымды , әсерлі естіледі. Мен білетін қазақ әйелі- қазақпын дейтін қара көз  қара баланың анасы және ана сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік қой.Өмірге келдің, сенің алғаш іздейтінің  бір-ақ жан-ол Ана. Ол саған бәрінен де қымбат.Сен үшін ол ең бағалы да, ең үлкен абзал жан –ол анаң емес пе? Сондықтан да ана қадірін білу, ана жүрегін ауыртпайық,алтыннан артық аналарымызды ардақтайық ағайын!

Бақытжанова Дильфуза

4 «Б»сынып оқушысы

Жетекшісі:Агжанова Майра Тилеулиевна

"Ана", "Анашым"

$
0
0

       Анашым

Сүйікті  менің анашым,

Ақылшы және данасың.

Жаңаөзендегі жасөспірімдердің қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарынан кейінгі жағдайына қатысты белгілі психиатр пікірі

$
0
0

Жаңаөзендегі жасөспірімдердің қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарынан кейінгі жағдайына қатысты белгілі психиатр пікірі

 

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызылша ауруына қарсы жүргізілген вакцинациядан соң 200-ге жуық баланың ата-анасы олардың денсаулығына қатысты шағымдармен дәрігерлерге жүгінген болатын. Балалардың бірқатары ем-дом шараларын қабылдау мақсатында Астана мен Алматы қалаларына жолданды. Бірнеше баланың ұстамаға түскен сәті жазылған видео ғаламторда тарап кеткеннен соң жасөспірімдерді қарау мақсатында Маңғыстау облысына екі білікті психиатр Жібек Жолдасова мен Абылайхан Рысдәулет келді. Біз психология магистрі, клиникалық психолог, психотерапевт, тәуелсіз сарапшы Абылайхан Рысдәулетпен сұхбаттастық.

- Абылайхан Әбдіханұлы, балаларға бүгінгі күні қандай диагноз қойылып отыр? Екпе егу жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі жасөспірімдердің жағдайы қандай?

- Жаңаөзендегі балалардың жағдайына байланысты бүгінгі күні нақты невроз деген медициналық диагноз қойылды. Жағдайды жан-жақты қарастыратын болсақ, Жаңаөзендегі тұрғындар мұны вакцинамен байланыстырып отыр. Ал, ғылыми, медициналық тұрғыдан келсек, қойылып отырған диагноздың вакцинамен еш байланысы жоқ. Демек, вакцинацияның әсерін невроздық жағдаймен шатастыруға болмайды. Поствакциналық реакция кез келген вакцинадан кейін орын алуы мүмкін. Ол адамның жалпы жағдайының нашарларуы, әлсіздік, бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілермен ерекшеленеді. Бұлардың барлығы да осы екпеден кейін көрініс берді, бірақ жалпы дүрбелең туатындай жағдайдың нашарлауы тек бір апта, 8-10 күннен кейін ғана орын алды. Біз мұны нақты әрбір науқаспен жеке сөйлесіп, қарым-қатынас жасау барысында айқындадық. Яғни, бұны невроздық жағдай, яғни психологиялық проблема деп айтуымызға толық негіз бар. Невроздың өзі «жұқпалы дерт» болып табылады. Оны неғұрлым көп жарнамаласақ, мұндай жайттарға соғұрлым көп бой алдырамыз.  Нақты айтқанда, жарнамалау салдарынан невроз сырқатымен ауыратын адамдардың саны да арта түседі. Ал, жарнамалау дегеніміз -  осындай «ұстаманы» ұялы телефонға түсіріп, оны ғаламторға тарату. Мұндай видеоны көргеннен соң, сап-сау жүрген балада мұндай реакцияның қайталануы әбден мүмкін. Сонымен қатар, біз, бірінші кезекте,  екпе салынған балалардың гендерлік ерекшелігіне назар аударуымыз  керек. Екіншіден, олардың жас ерекшелігі туралы ұмытпаған жөн. Гендерлік  ерекшеліктерге тоқталсақ, бүгінгі таңда сырқаттанған 300-ге жуық баланың 99%-ы – қыздар. Бұл – невроз дертіне көбінесе қыз балалардың бой алдыратынының анық дәлелі. Ал, жас ерекшелігі дегеніміз не? Бүгінгі күні науқастанып отырған балалар - өтпелі дағдарыс кезеңінде тұрған жастар.  Яғни, есею кезеңіне аяқ басып отырған балалар.  Мұндай кезеңде жасөспірімдер бойында тек физиологиялық өзгерістер ғана емес,  психологиялық өзгерістер де орын алады. Физиологиялық жағынан алғанда ағзада түрлі гормоналдық алмасулар, өзгерістер болады, психологиялық та тұрғыдан да - тура осылай. Мұндай кезеңдегі жандарды біз не бала, не ересек деп қарастыра алмаймыз. Бұл – осы екі ортадағы жас ерекшелік кезеңі. Дәл осындай кезеңге невроз диагнозының тап келуі ол – заңдылық.

- Сіздердің Маңғыстау облысына келгендеріңізге бір апта уақыт өтті. Осы мерзім ішінде сіздер қанша баланы қарадыңыздар?

- Алматы қаласынан арнайы  келген сарапшы, дәрігер,  медицина ғылымдарының кандидаты Жолдасова Жібек ханыммен Маңғыстау облысы ауруханасында 27 баланы бірге  қарадық. Бұған қоса, Жаңаөзен қаласында орталық ауруанада, орталық емханада ем алып жатқан бірнеше баланың да жағдайын қарадық. Жаңаөзен қаласының бір топ дәрігерлерімен бірге  үй-үйді жеке аралап, балалардың жағдайларымен жеке де таныстық. Сонымен қатар, олардың ата-аналарымен сөйлестік.

- Бүгінгі күні қоғамда жасөспірімдерге жүргізіліген екпе егу  жұмыстарының қызылша ауруына қарсы емес, басқа ауруларға қатысы бар деген сан алуан пікірлер айтылып жатыр. Тіпті, қыздарда бедеулікті қасақана тудыру мақсатында вакцинация жасалды деген ойлар да бар. Бұл пікірлер қаншалықты шындыққа жанасады?

- Жалпы, жұрт арасында тараған мұндай алып-қашпа әңгіменің барлығы - негізсіз. Бұл екпе Жаңаөзен қыздарын бедеу қылу үшін, болмаса тағы басқа жан түршігерлік жағдайларды қолдан жасаудың амалы деп айту - негізсіз. Оның барлығы да алып-қашпа әңгіме. Бұлай уайымдауға еш негіз жоқ.

- Жасөспірімдердің сауығуына ата-аналар тарапынан көрсетіліп отырған қысым әсер етіп отыр ма?

- Бір мезетте бірнеше баланың осындай жағдайға түсуі, әрине кез келген ата-ананың алаңдаушылығын туғызады. Балаларының мұндай жағдайға душар болуы салдарынан алғашқы кезде ата-аналар қорқып қалды. Ата-аналармен бірге мамандардың бойында да қорқыныш туындады. Бұған қатысты сұрақ көп туып жатты да, оған нақты жауап берілмеді. Бұған қоса, медицина қызметкерлері тарапынан нақты диагноздың дер кезінде қойылмауы, алғашқы медициналық көмектің кәсіби тұрғыдан көрсетілмеуі, нәтижесінде осындай дүрбелеңге алып келді.

- Бүгінгі күні осы жағдайдың қалыптасуына вакцинация жасаған дәрігерлердің кінәсі бар ма?

- Жоқ, дәрігерлердің бұған тікелей кәнісі жоқ. Олардың ажыратпалы диагностиканы дұрыс жүргізе алмағандығынан жанама тұрғыдан кәнісі бар шығар. Себебі, «ұстама» туралы айтатын болсақ, оның эпилептикалық ұстама мен жаңағыдай эпилептикалық емес ұстама болып табылатын екі түрі бар. Дәрігерлерге осы екі диагноздың арасында ажыратпалы диагностикасын нақты жүргізе білуі қажет еді.

- Дәрігерлер екпе егу жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру  жұмыстарын белсендірек жүргізуі қажет болған шығар?

- Иә,  кез келген екпені жүргізбес бұрын медицина қызметкерлері  бұйрықпен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес кәсіби тұрғыдан түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Егер сол түсіндіру жұмыстары дұрыс атқарылатын болса, мұндай проблемалардың алдын алуға болар еді.

- Жасөспірімдерді оңалту шараларының барысын одан ары қадағалайтын боласыз ба? Науқас балалар мен олардың ата-аналарына өз тарапыңыздан қандай кеңес берер едіңіз?

- Мен психолог маман ретінде, әрине, осы балалардың тағдырына, денсаулығына алаңдаймын. Болашақта көмегім қажет болса, әрдайым қол ұшын созуға дайынмын. Ал, ата-аналарға беретін кеңесім -қорықпау керек, дүрбелеңге салынбау қажет. Бүгінгі таңда балалар тағайындалған емді толық түрде қабылдап, емдік шаралардың толық курсынан өтуі керек. Ата-аналардың өздерін сабырлы ұстағандары жөн. Ата-аналардың негізгі мақсаты - баланың денінің сау болуы. Сол себепті,  баланың денсаулығы жақсы болуы үшін жауапкершілікті сезініп, дәрігерлердің тағайындаған емін толық қабылдау қажет.

- Сіздің ойыңызша, бүгінгі күні ата-аналардың балаларына екпе егу жұмыстарының жүргізілуінен  бас тартып отырғаны қаншалықты дұрыс?

- Мұндай жағдай орын алғаннан кейін кейбір ата-аналардың алдағы жүргізілмек вакцинадан бас тартқысы келетіндігін де түсінуге болады. Бірақ, маман, дәрігер ретінде айтарым – күні бүгінге дейін ғылым, медицина саласы жеңе алмайтын сырқат түрлері бар. Оның алдын алудың ең тиімді жолы – екпе.

Сөз соңында айта кеткім келетіні, Маңғыстау облысының жасөспірімдерімен қалыптасқан жағдайға байланысты медицина ғылымдарының кандидаты Жібек Жолдасова арнайы нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстарды әзірледі. Осы тағайындалған нұсқаулықтар ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, жедел-жәрдем дәрігерлеріне, яғни бұлардың әрқайсысына бөлек төрт топқа бөлініп жасалған. Бүгінгі күні медициналық көмектен басқа, медико-психологиялық көмек көрсету тобы да жасақталды. Қазіргі уақытта бұл топ балаларға психологиялық оңалту мақсатында жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына Жаңаөзен  қаласының барлық аурухана, емханаларының психологтары мен дәрігерлері, мектеп, колледждер психологтары, педагогтары, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының дәрігер, психологтары кіріп отыр.


Жаңаөзендегі жасөспірімдердің қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарынан кейінгі жағдайына қатысты белгілі психиатр пікірі

$
0
0

Жаңаөзендегі жасөспірімдердің қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарынан кейінгі жағдайына қатысты белгілі психиатр пікірі

 

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызылша ауруына қарсы жүргізілген вакцинациядан соң 200-ге жуық баланың ата-анасы олардың денсаулығына қатысты шағымдармен дәрігерлерге жүгінген болатын. Балалардың бірқатары ем-дом шараларын қабылдау мақсатында Астана мен Алматы қалаларына жолданды. Бірнеше баланың ұстамаға түскен сәті жазылған видео ғаламторда тарап кеткеннен соң жасөспірімдерді қарау мақсатында Маңғыстау облысына екі білікті психиатр Жібек Жолдасова мен Абылайхан Рысдәулет келді. Біз психология магистрі, клиникалық психолог, психотерапевт, тәуелсіз сарапшы Абылайхан Рысдәулетпен сұхбаттастық.

- Абылайхан Әбдіханұлы, балаларға бүгінгі күні қандай диагноз қойылып отыр? Екпе егу жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі жасөспірімдердің жағдайы қандай?

- Жаңаөзендегі балалардың жағдайына байланысты бүгінгі күні нақты невроз деген медициналық диагноз қойылды. Жағдайды жан-жақты қарастыратын болсақ, Жаңаөзендегі тұрғындар мұны вакцинамен байланыстырып отыр. Ал, ғылыми, медициналық тұрғыдан келсек, қойылып отырған диагноздың вакцинамен еш байланысы жоқ. Демек, вакцинацияның әсерін невроздық жағдаймен шатастыруға болмайды. Поствакциналық реакция кез келген вакцинадан кейін орын алуы мүмкін. Ол адамның жалпы жағдайының нашарларуы, әлсіздік, бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілермен ерекшеленеді. Бұлардың барлығы да осы екпеден кейін көрініс берді, бірақ жалпы дүрбелең туатындай жағдайдың нашарлауы тек бір апта, 8-10 күннен кейін ғана орын алды. Біз мұны нақты әрбір науқаспен жеке сөйлесіп, қарым-қатынас жасау барысында айқындадық. Яғни, бұны невроздық жағдай, яғни психологиялық проблема деп айтуымызға толық негіз бар. Невроздың өзі «жұқпалы дерт» болып табылады. Оны неғұрлым көп жарнамаласақ, мұндай жайттарға соғұрлым көп бой алдырамыз.  Нақты айтқанда, жарнамалау салдарынан невроз сырқатымен ауыратын адамдардың саны да арта түседі. Ал, жарнамалау дегеніміз -  осындай «ұстаманы» ұялы телефонға түсіріп, оны ғаламторға тарату. Мұндай видеоны көргеннен соң, сап-сау жүрген балада мұндай реакцияның қайталануы әбден мүмкін. Сонымен қатар, біз, бірінші кезекте,  екпе салынған балалардың гендерлік ерекшелігіне назар аударуымыз  керек. Екіншіден, олардың жас ерекшелігі туралы ұмытпаған жөн. Гендерлік  ерекшеліктерге тоқталсақ, бүгінгі таңда сырқаттанған 300-ге жуық баланың 99%-ы – қыздар. Бұл – невроз дертіне көбінесе қыз балалардың бой алдыратынының анық дәлелі. Ал, жас ерекшелігі дегеніміз не? Бүгінгі күні науқастанып отырған балалар - өтпелі дағдарыс кезеңінде тұрған жастар.  Яғни, есею кезеңіне аяқ басып отырған балалар.  Мұндай кезеңде жасөспірімдер бойында тек физиологиялық өзгерістер ғана емес,  психологиялық өзгерістер де орын алады. Физиологиялық жағынан алғанда ағзада түрлі гормоналдық алмасулар, өзгерістер болады, психологиялық та тұрғыдан да - тура осылай. Мұндай кезеңдегі жандарды біз не бала, не ересек деп қарастыра алмаймыз. Бұл – осы екі ортадағы жас ерекшелік кезеңі. Дәл осындай кезеңге невроз диагнозының тап келуі ол – заңдылық.

- Сіздердің Маңғыстау облысына келгендеріңізге бір апта уақыт өтті. Осы мерзім ішінде сіздер қанша баланы қарадыңыздар?

- Алматы қаласынан арнайы  келген сарапшы, дәрігер,  медицина ғылымдарының кандидаты Жолдасова Жібек ханыммен Маңғыстау облысы ауруханасында 27 баланы бірге  қарадық. Бұған қоса, Жаңаөзен қаласында орталық ауруанада, орталық емханада ем алып жатқан бірнеше баланың да жағдайын қарадық. Жаңаөзен қаласының бір топ дәрігерлерімен бірге  үй-үйді жеке аралап, балалардың жағдайларымен жеке де таныстық. Сонымен қатар, олардың ата-аналарымен сөйлестік.

- Бүгінгі күні қоғамда жасөспірімдерге жүргізіліген екпе егу  жұмыстарының қызылша ауруына қарсы емес, басқа ауруларға қатысы бар деген сан алуан пікірлер айтылып жатыр. Тіпті, қыздарда бедеулікті қасақана тудыру мақсатында вакцинация жасалды деген ойлар да бар. Бұл пікірлер қаншалықты шындыққа жанасады?

- Жалпы, жұрт арасында тараған мұндай алып-қашпа әңгіменің барлығы - негізсіз. Бұл екпе Жаңаөзен қыздарын бедеу қылу үшін, болмаса тағы басқа жан түршігерлік жағдайларды қолдан жасаудың амалы деп айту - негізсіз. Оның барлығы да алып-қашпа әңгіме. Бұлай уайымдауға еш негіз жоқ.

- Жасөспірімдердің сауығуына ата-аналар тарапынан көрсетіліп отырған қысым әсер етіп отыр ма?

- Бір мезетте бірнеше баланың осындай жағдайға түсуі, әрине кез келген ата-ананың алаңдаушылығын туғызады. Балаларының мұндай жағдайға душар болуы салдарынан алғашқы кезде ата-аналар қорқып қалды. Ата-аналармен бірге мамандардың бойында да қорқыныш туындады. Бұған қатысты сұрақ көп туып жатты да, оған нақты жауап берілмеді. Бұған қоса, медицина қызметкерлері тарапынан нақты диагноздың дер кезінде қойылмауы, алғашқы медициналық көмектің кәсіби тұрғыдан көрсетілмеуі, нәтижесінде осындай дүрбелеңге алып келді.

- Бүгінгі күні осы жағдайдың қалыптасуына вакцинация жасаған дәрігерлердің кінәсі бар ма?

- Жоқ, дәрігерлердің бұған тікелей кәнісі жоқ. Олардың ажыратпалы диагностиканы дұрыс жүргізе алмағандығынан жанама тұрғыдан кәнісі бар шығар. Себебі, «ұстама» туралы айтатын болсақ, оның эпилептикалық ұстама мен жаңағыдай эпилептикалық емес ұстама болып табылатын екі түрі бар. Дәрігерлерге осы екі диагноздың арасында ажыратпалы диагностикасын нақты жүргізе білуі қажет еді.

- Дәрігерлер екпе егу жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру  жұмыстарын белсендірек жүргізуі қажет болған шығар?

- Иә,  кез келген екпені жүргізбес бұрын медицина қызметкерлері  бұйрықпен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес кәсіби тұрғыдан түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Егер сол түсіндіру жұмыстары дұрыс атқарылатын болса, мұндай проблемалардың алдын алуға болар еді.

- Жасөспірімдерді оңалту шараларының барысын одан ары қадағалайтын боласыз ба? Науқас балалар мен олардың ата-аналарына өз тарапыңыздан қандай кеңес берер едіңіз?

- Мен психолог маман ретінде, әрине, осы балалардың тағдырына, денсаулығына алаңдаймын. Болашақта көмегім қажет болса, әрдайым қол ұшын созуға дайынмын. Ал, ата-аналарға беретін кеңесім -қорықпау керек, дүрбелеңге салынбау қажет. Бүгінгі таңда балалар тағайындалған емді толық түрде қабылдап, емдік шаралардың толық курсынан өтуі керек. Ата-аналардың өздерін сабырлы ұстағандары жөн. Ата-аналардың негізгі мақсаты - баланың денінің сау болуы. Сол себепті,  баланың денсаулығы жақсы болуы үшін жауапкершілікті сезініп, дәрігерлердің тағайындаған емін толық қабылдау қажет.

- Сіздің ойыңызша, бүгінгі күні ата-аналардың балаларына екпе егу жұмыстарының жүргізілуінен  бас тартып отырғаны қаншалықты дұрыс?

- Мұндай жағдай орын алғаннан кейін кейбір ата-аналардың алдағы жүргізілмек вакцинадан бас тартқысы келетіндігін де түсінуге болады. Бірақ, маман, дәрігер ретінде айтарым – күні бүгінге дейін ғылым, медицина саласы жеңе алмайтын сырқат түрлері бар. Оның алдын алудың ең тиімді жолы – екпе.

Сөз соңында айта кеткім келетіні, Маңғыстау облысының жасөспірімдерімен қалыптасқан жағдайға байланысты медицина ғылымдарының кандидаты Жібек Жолдасова арнайы нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстарды әзірледі. Осы тағайындалған нұсқаулықтар ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, жедел-жәрдем дәрігерлеріне, яғни бұлардың әрқайсысына бөлек төрт топқа бөлініп жасалған. Бүгінгі күні медициналық көмектен басқа, медико-психологиялық көмек көрсету тобы да жасақталды. Қазіргі уақытта бұл топ балаларға психологиялық оңалту мақсатында жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына Жаңаөзен  қаласының барлық аурухана, емханаларының психологтары мен дәрігерлері, мектеп, колледждер психологтары, педагогтары, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының дәрігер, психологтары кіріп отыр.

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

$
0
0

 

Жоңғар  Алатауы  мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.                                          

Тізілген таулары бар Жетісудың
Ішінде орман, тоғай біткен нудың
Дариядай сол таулардан тулап толып,
Көресің тамашасын аққан судың
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік, алма, алмұрт, жидек - жемістер көп
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.

                                                                                Жамбыл

Жоспар

 

  1. Жетісу – жер жанаты.
  2. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.
  3. Сиверс алмасы - алманың атасы.
  4. Өлкемнің байлығы – менің мақтанышым.
  5. Тастағы таңба – ел тарихы.
  6. Туған жерді қорғау – азамат парызы.

Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған әсем табиғатымен, мәдени-тарихи орындарымен құнды. Іле және Жоңғар Алатауы, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және басқа көптеген сулы, таулы, минералдық су және балшық көздері, табиғат ескерткіштері, атап айтқанда қайталанбайтын флорасы мен фаунасы,  қорған кешендері, тастағы суреттер, мұражайлар, мавзолейлер, мазарлар және бұрынғы кездегі сәулет  ғимараттары туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін жәдігерлері.

Туған жер табиғаты сөз болғанда мақтанышпен ауыз толтыра айтатынымыз - 2010 жылы 30 тамызда ашылған Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.  Ұлттық деген атауға  жоңғар сөзі келіспей тұрғанымен,  бұл саябақ - Алматы облысының ең көрікті, әдемілік жағынан таңқалдырарлық жер бұрышы, қазақстандықтар мен шетелдік туристер үшін тамаша саяхат мекені. 

   Саябақтағы өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің әлемдік маңызы бар, себебі, мұндағы кездесетін өсімдіктердің  76 түрі тек  Жетісу Алатауында  ғана кездеседі екен. Соның ішіндегі ең ғажайыбы – Сиверс алмасы. Ол -әлемдегі барлық алма сорттарының атасы.

   Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар бөріқарақат, альберт итмұрыны, тяньшан шиесі, мейер қарақаты сияқты жабайы өсімдіктердің  біздің жерімізде сақталуы да  өлкеміздің әлемдік құндылығын арттырып тұр емес пе?  Ал саябақ аумағынан  қазіргі кезде сирек  кездесетін  даната құрбақасы, қара ләйлек, сақалта, балобан, үкі, тяньшан аюы, тяньшан арқары, түркістан сілеусіні, камшат, ақ төс сусар, сабаншы, су мысығы,қызыл қасқыр,шұбар күзен  сияқты түрлерді кездестіруіміз – саябақтың теңдессіз бағалы кешен екенін білдірсе керек.  Сол сияқты Халықаралық табиғат қорғау одағының  Қызыл кітабына тіркелген және ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген,  дүниежүзінің басқа ешбір өңірінде кездеспейтін  Жетісу аяқты балығы  
Жетісу Алатауының өзендерінде ғана кездесетіні қандай керемет! Алматы қаласының символына айналған қар барысын да тек осы өлкеден көре алатынымызды мақтан етеміз.

      Саябақ аумағындағы  көшпенділер дәуірі ескерткіштері- Үйгентас зираты, Сарымсақты қорғандары, Қараағаш жотасындағы, Көктөбе асуындағы, Жүнжүрек тауындағы, Қарыпша шатқалындағы, Басқан өзені жағалауындағы тас жазулар мен таңбалар  ата-бабаларымыздың  тарихынан сыр шертеді.

  Ғалым атамыз Қаныш Сәтбаевтың  «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны  тебіреніп, ол туралы ойламаған  жігітті қайтіп азамат дейміз?   Туған жердің қара тасын мақтан ете  білмеген азамат  бөгде жердің алты тасын да мақтап жарытпақ емес» деген тебіреністі сөзі  әр қазақтың жүрегінде тұрса деймін.  Туған жер табиғатына немқұрайлы қарау – ана сүтін ақтамағанмен  бірдей емес пе? Ендеше, елім, жерім деген әрбір азамат өз туған жерінің  табиғатына  қамқорлықпен қарап, оны ерекше мейіріммен сүйіп, қорғай білуі керек деп санаймын. 

 

 

Ана

$
0
0

                                             Ана

          Ана-қасиетті де киелі есім! Бар болғаны үш әріптен құралған, бірақ мағынасы-теңіздей терең қол жетпес көе аспандай, адамға ауадай қажет маңызды ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті жан! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ шығар.

         Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда, ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана мейіріміне бөленеді. Сәбидің аузынан шығатын сөзде-ана. Анаға теңесер дүниеде жан жоқ. Ананың аялы алақаны сәбиге кұш-қуат береді. «Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деп айтқан сөзі өте орынды. Себебі, барлық ана бейбітшілікті және баласының бақытты болуын ғана тілейді. Даңқы асқан патша да, найзасы көк тіреген батыр да анадан туады.

         Ана есімі туралы айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шесіз.

         Менің де өз анама деген ықыласым бөлек. Менің анам алдындағы қарызым-өтелмейтін парыз. Дана қазақ халқы «Анаңды меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың » деген екен.

         Менің анамның есімі Жазира , ол кісі үй бикесі. Мен анамды жақсы көремін. Біз отбасымызда бес баламыз. Мен әпкем, сіңлім және екі інім. Менің анамның мейірімі бесеумізге де жетеді. Ол бізді үнемі әрине әрқайсымызды әр түрліше еркелетіп, жақсы көріп отырады.

№36 Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебі

5 «А» сынып оқушысы   Абдрахман Жаңлысай

 

Анама хат

$
0
0

                                        «Анама хат». 

    Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая түсуде...  Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі өнегеңіздің арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір ерекше  сағынатын болыппын. Асыл анам... сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға үйреттіңіз.  Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам... Сіз маған өмірде барға қанағат етуді үйреттіңіз. Өзіңіздің қандай қиындықтарды көргеніңізді айтып отырдыңыз, сол арқылы мен осы күніме шүкіршілік етуді үйрендім. Сіз менің қателіктерімді кешіре білдіңіз, еркелігімді көтере білдіңіз. Аяулы анам, менің сізден аларым әлі көп. Мен сізбен бір күн сөйлеспей қалсам, сәби жүрегім сізді сағынып тұрады.         Аяулы анам...  Мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлға сізсіз. Жаратқанымның қолдауымен сіздің балаларыңызға деген махаббатқа толы жүрегіңіз, мөлдіреген көзіңіз жыламаса екен деп тілеймін...                                       

Анашым...  Мен ешқашан жаман жолға түспеймін, себебі мен сіздей алтын ананың бөбегімін.                                                     

      Дүниеде не тәтті-ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ-ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақында сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни, балаларыңызға деген ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәләп келгеннен-ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз. Аяулы анам мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Себебі, анасы бар адамдар бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар сияқты үнемі ана жылуын ана махаббатын мейірімін сезініп жүреді. Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымыз, тәрбиешіміз. Әрдайым жақсыны үйретіп жаманға жолаттырмайсыз, жетістіктерге жетсем менімен бірге қуанып, сүрінсем жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз.

   Мейірбан анам, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі  бисмилләмді айтып , жақсы адам болуға тырысып жүрмін.

   Дархан анам кей кездері ренжітсем кешірім сұраймын, бұдан былай қателіктерімді қайталамай артымнан ерген ініме үлгі болуға талпынамын.

    Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім-арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз.

    Ертеде айтылған аңыздарда ананың жасаған ерліктері көптеп кездеседі. «Бір елдің ханы қазақ жұртын басып алғанда, анаға өзің арқалап әкете алатындай жүк алып кет дегенде, ана өз ері мен баласын арқалап алып кетеді». Бұл 8-наурыз күні болған оқиға болатын. Міне, содан бері 8-наурыз аналар күні болып аталып келеді.

    Мен сізге қажымас қайрат, талмас қанат тілеймін. Мен сізге тілейтінім ұзақ өмір, мықты денсаулық, өзендей өмір, көлдей көңіл, арманның аялысын, бақыттың баяндысын, көктемдей көтеріңкі көңіл, күздей мол бақыт, жаздай ыстық мейірім тілеймін жан анам.   Мен әлемдегі ең бақытты баламын деп ойлаймын, себебі, сіздей жайдарлы,парасатты анам бар. Мен сізбен қай жерде болмасын үлкен сөзбен мақтана алам. Мен сізге қарап тәлім-тәрбие алғым келеді.

     Ана... Ана-деген сөзге жетер сөз бар ма, шіркін! Ана «бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолмен әлемді тербетеді» дейді. Анамызды ардақтап, қастерлеу ол біздің,  барша перзенттің, баланың парызы. Анамыз түн ұйқысын төрт бөліп шырылдап жылаған баласын жұбатты. Сол себепті де ананы үш рет меккеге арқалап апарсаң да қарызыңнан құтылмайсың. Ана сендер шырылдап дүниеге келгенде де, ең алғаш жүргенде де, ең алғаш тіл қатқанда да сенің жаныңнан табылды. Әркімнің өз шығар шыңы бар, сол шыңның негізін қалаушы аялы аналарымыз. Шың басына дейін қаншама қиындық болады. Егер біз шыңнан сүрінсек бізді демеп жіберетін де-ана. Аналарымыздың арқасында сол шыңдардан сүрінбей өтудеміз. Ананың алақанына, жүрегіне, мейіріміне, әлпешіне жетер еш нәрсе жоқ деп ойлаймын.

    «Ана» қандай киелі сөз десеңші. Қай жағынан қарасаңда киелі сөз «Ана». Анашым өзіңізге арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыз.

     Қай ақын - жазушы болмасын тек қана «ана» деп шексіз махаббатпен, үлкен мақтанышпен ана деп шырқайды. Мен, неге анам үшін бір шумақ өлең шығармаймын деп ойланып анама арнап ән шығардым.

             

 

                Сен асылсың анашым,           Ардақты да анашым,

                Сен құдіретті данасың.              Ақылды да данасың

                Жатқанда да тұрғанда,               Әрқашанда күлімдеп,

                Ұмытпаған баласын.                   Еркелеткен баласын.

 

                        Анашым асыл әнім.

  1. Құлпыртып елесіңді,

             Жайнайды жасыл бағың.

             Ертерек жемісіңді

             Көрсем деп асығамын.

                            Қ-сы:

               Сыйлаған жан шуағым,

               Анашым асыл әні

               Күлкіңнен қуат алам

               Гүлің боп, гүлің боп ашыламын.

  1. Шаршасаңда амалдашы,

               Кетейін күн айың боп.

                  Қорқытып ауырмашы,                                                                                                                                         

                  Кетейін құрбаның боп.

                              Қ-сы:

               Сыйлаған жан шуағым,

               Анашым асыл әні

               Күлкіңнен қуат алам

               Гүлің боп, гүлің боп ашыламын.

№ 36 Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебінің

5 «Ә»  сынып оқушысы Оразбай Ажар

 

АСЫЛ СӨЗ МЕКТЕБІ

$
0
0

 «Мың бала» аясы

АСЫЛ СӨЗ МЕКТЕБІ

Мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, дамыту һәм өркендету жолында атқарылып жатқан іс-шаралар орын-орындарда аз емес. Осынау игі істерді өткізудің әдіс-тәсілдері де алуан-алуан. Ал соларға қатысып жүрген жандардың белсенділігі өз алдына бір төбе. Сондай аяның бірі һәм бірегейі – «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы.

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданған Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына және «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларына, жастарына мемлекеттік тілді үйрету барысында қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды (мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып) бойына сіңіруді, қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыруды көздейді.

Жобаның бағдарламасы «мәдени-тілдік бой үйрету» халықаралық тәжірибенің озық нәтижелерін ескере отырып құрылғандықтан, барлық қатысушылардың мәдени және тілдік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Жуырда Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінде аталмыш жобаның «Асыл сөз мектебі» байқауы ұйымдасқан түрде өткізілді. Осынау байқаудың мақсаты – этностық топтардың балалары мен жастарына қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіретін, шешендік өнердің негіздеріне баулитын және қарым-қатынас шеберлігін шыңдайтын тиімді курстар мен коммуникативтік тренингтер ұйымдастыру.

Қатысуға ниет білдірген мектептегі өзге ұлт өкілдері оқушылары бастауыш, орта һәм жоғары буын болып үш топқа бөлінді. Безендірілген сахна төрінде байқауды жүргізген өзге ұлт өкілді қос жүргізуші шараны бірыңғай мемлекеттік тіл – қазақ тілінде басынан соңына дейін жүргізді. Мектеп әкімшілігі әділқазылық жасады. Байқауға қатысушылар алдымен кезекпе-кезек қазақ тілінде өз-өзін тақпақтата-шумақтата таныстырды. Екінші кезеңде қазақ ақындары – Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Есентай Ерботин һәм басқалар –  өлеңдерін нақышына келтіре һәм мәнерлі түрде жатқа оқыды. Ал үшінші кезеңде жеребе арқылы тартылған викториналық сұрақ-сауалдарға жауап берді.

Байқаудың кезеңдері арасында мектептің музыка мұғалімі Ү.Әкімбекова дайындайтын көркемөнерпаздары сахна төрінде ән шырқады, мың бұрала би биледі. Көрермендер көңіл-күйін мейілінше сергітті де серпілтті.

Нәтижесінде, әділқазы алқысының адал шешімімен Исаева Ангелина, Миллер Виолетта, Поспелов Егор, Дзюбан Елизавета есімді оқушылар бас жүлдені жеңіп алса, Линник Екатерина, Смирнова София, Рыбалко Валерия есімді оқушылар жүлделі орындарға иелік етті. Бас жүлдеге иелік еткен оқушылар мектеп намысын аймақтық байқауда қорғауға жолдама алды. Шараға атсалысқан пән мұғалімдеріне алғыс білдірілді.

Сайып келгенде, «Мың бала» аясындағы «Асыл сөз мектебі» байқауында мемлекеттік тіл – қазақ тілін асқақтатуда, әуелетуде өзге ұлт өкілдері оқушылары бойындағы барын салып, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін барынша танытып бақты. Мемлекеттік тіліміз мәртебелене берсін.        

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Viewing all 154 articles
Browse latest View live